10 ақпан 2021 17:48

Ақтау әкімінің орынбасары тәртіптік жауапқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ербол Ізбергенов. Фото:gov.kz Ербол Ізбергенов. Фото:gov.kz

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов тәртіптік жауапқа тартылды. Бұл туралы Nur Otan партиясының сайтында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов тәртіптік жауапқа тартылды. Бұл туралы Nur Otan партиясының сайтында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтауда партияның бақылау комиссиясы қала тұрғындарының жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыруға қатысты өтініштерін тексерді. Тексеру барысында 183 өткелдің тек 8-і жарықтандырылғаны анықталды.

"Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Е.Ізбергенов пен қалалық көлік және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Құбашев тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қала әкімдігіне 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін 175 жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыру жұмыстарын аяқтау ұсынылды. Қазіргі уақытта жаяу жүргіншілер өткеліне жарық орнату жұмыстары басталып кетті", - делінген хабарламада.

Nur Otan партиясы сайлаудан кейінгі бір ай ішінде партиялық бақылау комиссиясының 233 отырысын өткізіп, онда 569 мәселе қаралғаны хабарланды. Атап айтқанда, жалақының уақтылы төленбеуі, судың жоқтығы, жылыту және көшелерді жарықтандыруға қатысты шағымдар, жаяу жүргінші өткелі мен пандустар салу туралы ұсыныстар және тағы да басқа мәселелер бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети