23 маусым 2021 13:31

Ақтау жағажайындағы жаппай төбелестің видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы жағажайлардың бірінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Ақтаудағы жағажайлардың бірінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға "Достар" жағажайында 22 маусымда болған. Бейнежазбадан күндізгі уақыт екенін және ер адамдарды ажыратуға тырысқан адамдар тобын көре аламыз.

Үш жігіт Ақтау полициясына жеткізілді.

"Екеуі кәмелеттік жасқа толмағандар. Олар Ақтау ювеналді полциясына табысталды, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" және 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Құқық қорғау органы қызметкерлері төбелестің өзге қатысушыларын анықтап жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети