Ақтауда банк клиенттен комиссия үшін алған 400 мың теңгені қайтарды

11 Қазан, 09:18
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Ақтауда банк клиенттен комиссия үшін алған 400 000 теңгені қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық № 2 соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Cот ақтаулық тұрғын мен банк өкілдерінің 2015 жылы келісімшарт жасасқанын анықтады. Құжатқа сәйкес, банк 3 миллион теңге көлемінде несие берген. Бірақ клиент ай сайын банк қызметіне 12 мың теңге төлеп тұрған. Осылайша, ол комиссия үшін жалпы сомасы 428 400 теңге төлеген.

"Өтініш берушінің талаптары құқықтық нормаларға сәйкес заңды деп танылды. Ал банк тарапынан тұтынушы құқығының бұзылғаны анықталды. Себебі банк клиентке ай сайын комиссиялық төлем жасап отыруды міндеттеген", - деп хабарлады соттағылар.

Соттың шешімімен банк клиенттің ақшасын толықтай көлемде қайтарды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай