Ақтауда жүкті әйелді сабап тастаған: полиция тергеу жүргізіп жатыр

07 Шілде 2018, 14:51
0
© ktk.kz
© ktk.kz

Ақтауда жүкті әйелді соққыға жығу дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр, күдікті - үш студент қыз. Зардап шегіп, баласынан айырыла жаздаған әйел қазір ауруханада, деп хабарлады Tumba.kz.

Әйелдің айтуынша, сол күні ол үйден шығып келе жатып, ішіне соққы тигенін сезеді. Ашуға булыққан қыздар жүкті әйелді ұрып, ол жерде жатқанда да соққының астына алған, зардап шегуші әйел олардың бірі өзінің көршісі екенін айтады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйел жанжалдың құрбаны болған, ол жанжал жүкті әйелдің жолдасы мен қыздардың бірінің ағасының арасында туындапты. Ер адамдардың не үшін жанжалдасқаны қазір анықталып жатыр.

КТК телеарнасынан алынған кадр.

"Бұл дерек бойынша сот-медициналық сараптамасы жүріп жатыр. Біздің деректерге сәйкес, күдіктілер анықталды", - делінген порталда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлжан Хайдарова КТК телеарнасына көрші қыз бен оның екі құрбысының оны жабылып сабағанын айтқан болатын. Олардың бірі 16 жаста, қалғандары 17 және 18 жаста. "Мен есікті ашып, далаға шықтым, олардың бірі мені ішімнен теуіп, "Балаң өлсін", деді. Мен құлап түстім, олар мені ұра бастады. Мен тұрып, қорғануға тырыстым, бірақ олар мені қолымнан ұстап тұрып, басымнан ұрып, үлкен балаларыма тиісетіндерін айтты", - деді ол.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай