18 қараша 2023 16:21

Ақтөбе облысында сиырлардан қауіпті ауру анықталуына байланысты шектеу енгізілді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрар Қазанғапов Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысындағы шаруа қожалығы аумағында сиырлардан қауіпті ауру анықталуына байланысты шектеу енгізілді. 6 ірі қара мал эмфизематозды карбункулдан өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысындағы шаруа қожалығы аумағында сиырлардан қауіпті ауру анықталуына байланысты шектеу енгізілді. 6 ірі қара мал эмфизематозды карбункулдан өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қобда ауданында орналасқан шаруа қожалығына 17 қарашадан бастап шектеу енгізілді. Ірі қара малдан қауіпті ауру - эмфизематозды карбункул табылды. Ал бір апта бұрын, 8 қарашада "Самғат" шаруа қожалығында да аурудан 6 бас ірі қара мал өлді.

Шаруа қожалығы Амангелді ауылынан 6 шақырым жерде орналасқан. Мал ауыл тұрғындарының малынан бөлек жайылады, сондықтан ауыл тұрғындарының малына жұқтыру қаупі жоқ екен.

"Шаруашылықта 325 бас ірі қара, 576 бас ұсақ мал бар. 17 қарашада эпизоотияға қарсы жасақ Қоптоғай ауылдық округі әкімінің шешімімен вакциналау жүргізді", - дед3 Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі өкілі.

Ветеринария басқармасы мәліметінше, енгізілген шектеулерге байланысты шаруа қожалығының аумағында дезинфекция жүргізіледі.

"30 күн ішінде шаруа қожалығы аумағына басқа мал әкелуге болмайды. Шаруа қожалығы аумағынан ірі қара малды да әкетуге тыйым салынады. Ауыл тұрғындарына қауіп жоқ", - деді Ақтөбе облысы ветеринария басқармасының бас маманы Арсланбек Алдияр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети