1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ақтөбеде 10 оқушы қыз жүкті болып қалған

  • 7
Ақтөбеде 10 оқушы қыз жүкті болып қалған. © aktobetimes.kz Ақтөбеде 10 оқушы қыз жүкті болып қалған. © aktobetimes.kz

Биыл Ақтөбе облысында 62 оқушы қыз жүкті болып қалған. Олардың оны Ақтөбе қаласының мектептерінде оқиды екен. Бұл туралы "Ақтөбе Таймс" басылымына өңірдегі бас акушер-гинеколог Мақсат Серғазин хабарлады. 

Дәрігердің айтуынша, өткен жылы бұдан да көп қыз жүкті болыпты. Кәмелетке толмаған 99 оқушы тіркеліпті. 

"Құқық қорғау органдары әрбір жағдайда зорлықтың болған-болмағанын анықтайды. Біздің балалар гинекологымыз Салтанат Тұбылбаева қаланың мектептерінде жыныстық тәрбие тақырыбында семинарлар өткізеді. Біз балалардың арасында сауалнама жүргізіп, көп жағдайда жыныстық қатынас туралы мәліметті достарынан, Интернеттен және БАҚ-тан алатынын білдік", - дейді Серғазин. 

Оның айтуынша, балалардың тек 3 пайызына жыныстық тәрбие жайлы ата-аналары айтып береді екен. Ал ауылдық аймақтарға барып, семинарлар өткізуге мүмкіндігі жоқ. Ауылдық аймақтарда білім беру саласындағы өңірлік жұмысшылар семинар өткізеді.

ШҚО-да ұшақ өртенді