25 қазан 2016 16:58

Ақтөбелік әйел үш баласын қалдырып, Сирияға кетіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе қаласының тұрғыны үш баласын тастап, Сирияға кетіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе қаласының тұрғыны үш баласын тастап, Сирияға кетіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе тұрғыны сотқа оның әйелінің үйінде ұзақ уақыт болмауына қатысты өтінішпен келген. Ер адам жазған өтінішінде әйелімен 2005 жылдан бері некеде болғанын көрсетті. Отбасында кәмелет жасына толмаған үш бала бар. Кенжесі - 4 жаста. Сотта ер адам 2013 жылы әйелінің Алматыға кеткенін, ол жақтан Қырғызстанға кетіп қалғанын мәлімдеді. Ал кейінірек әйелі оған хабарласып, өзінің Сирияда екенін айтқан. Сол қоңыраудан соң әйелінен ешқандай хабар жоқ.

"Құқық қорғау органдарының мәліметтеріне сәйкес, терроризм мен экстремизді насихаттап, террористік топқа қатысы болғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Азаматшаға қатысты қылмыстық істің қозғалуына байланысты 2016 жылдың 11 наурызында ол әйелге халықаралық іздеу салынды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотындағылар.

Сонымен қатар, соттағылардың айтуынша, әйел Қазақстан мен Қырғызстан шекарасымен жаяу жүріп өткен. "Осыған байланысты сот өкілдерінде азаматша жоғалып кетті деп айтуға ешқандай негіз болмады. Ақтөбе облыстық сотының шешімімен үш баланың әкесі берген өтініш қанағаттандырылмады", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети