19 маусым 2017 14:10

Әл-Фараби даңғылында сынған люктер шұғыл жөнделіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол жөндеу қызметі Алматының әл-Фараби даңғылының бойында сынған люктер шұғыл ауыстырып жатыр. Таяуда ол жерде жол апаты болып, қыз бала екі аяғынан айырылған болатын, - деп хабарлайды Kolesa.kz.


Жол жөндеу қызметі Алматының әл-Фараби даңғылының бойында сынған люктер шұғыл ауыстырып жатыр. Таяуда ол жерде жол апаты болып, қыз бала екі аяғынан айырылған болатын, - деп хабарлайды Kolesa.kz.

Tengrinews.kz тілшісі зардап шеккен қыздардың көлігі түсіп кеткен люкті ауыстырып қойғанын анықтады. 


© kolesa.kz

Еске сала кетейік, 16 маусымда Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. Honda көлігі ашық люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылған. Бұл көліктің салонында екі қыз болған. Олар көлікті жол шетіне қойған кезде шеткі сол жақ жолақпен Toyota Camry келе жатқан. Көліктің жүргізушісі бұзылып тұрған автомобильді көріп, тоқтауды ойлаған. Алайда орта жолақта келе жатқан автобус оны соғып, Toyota Camry тоқтап тұрған Honda көлігін соққан. Осы уақытта екі көліктің ортасында қалып қойған екі қыз қысылып қалған. Дәрігерлер қыздың аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта зардап шеккен екі қыз да ауруханада ауыр халде жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети