“Ал сіз ше?“ - Бектенов ауыл шаруашылығы министріне шүйлікті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:t.me/KZgovernment Фото:t.me/KZgovernment

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығын цифрландыруға көңілі толмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығын цифрландыруға көңілі толмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Agritech Hub компаниясының негізін қалаушы Диана Душниязова сөз сөйледі. Оның айтуынша, компания астық өнімділігі мен жер өнімділігін бақылау үшін спутниктік деректер мен жасанды интеллекті пайдаланады. Технологиялар дақылдардың өнімділігі мен баға динамикасын болжауға мүмкіндік береді.

"Өткен жылы жобалар екі мемлекетті қамтыды: Өзбекстан (8 облыс), сонымен қатар Түркістан және Жамбыл облыстарында да жобалар жүзеге асырылды. Биыл бұл жоба Өзбекстанның барлық аумағын қамтып, кеңейіп жатыр", - деді Душниязова.

Олжас Бектенов қазақстандық технологиялардың өз елімізде емес, көрші елдерде белсенді түрде қолданылып жатқанына көңілі толмайтынын жеткізді.

"Міне, нақты мысал – Өзбекстан біздің технологияларды қолданып жатыр. Айдарбек Сейпеллұлы (Сапаров – еск.), бүгін осы мәселемен айналысыңыз. Өзбекстан неліктен ақша бөліп жатыр, біздің IT мамандарымыз жұмыс істеп жатыр. Ал сіз ше? Оларды пайдаланбайсыз ба? Суды үнемдеп жатқан жоқсыз ба? Осы технологияларды пайдаланып үнемдеңіз", - деді Бектенов Ауыл шаруашылығы министріне.

Еске салайық, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтен өсімдік шаруашылығын қадағалаудың жаңа ақпараттық жүйесіне қосымша 714 миллион теңге бөлуді сұраған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer