23 тамыз 2019 12:54

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 2019 жылдың 24-26 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2019 жылдың 24-26 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан атмосфералық фронттармен циклон жылжып, соның салдарынан батыс облыстарында найзағаймен жаңбыр және көптен күткен ыстықтың басылуы күтіледі. Күндізгі ауа температурасы плюс 35-40 градустан кейін, 20-30 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, республиканың солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарының кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр, желдің дауылды күшеюі күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағаймен өткінші жаңбыр күтілуі мүмкін. Демалыс күндері қалған аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, орталықта және шығыста күндіз ауа температурасының плюс 25-35 градус дейін жоғарылауы болжанады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети