10 қыркүйек 2020 12:52

Алғабаста үйлер қисайды: ТЖ салдарын жоюға 811 миллион теңге жұмсалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі Зерделі шағын ауданындағы (бұрынғы Алғабас - автор) қисайған үйлерден пайда болған салдарды жою үшін 811 миллион теңге жұмсаған. Бюджеттен қаражат топырақты тексеруге, үйлерді қалпына келтіруге және тұрғындарды уақытша көшіруге жұмсалды және бұл әлі түпкілікті сома емес,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі Зерделі шағын ауданындағы (бұрынғы Алғабас - автор) қисайған үйлерден пайда болған салдарды жою үшін 811 миллион теңге жұмсаған. Бюджеттен қаражат топырақты тексеруге, үйлерді қалпына келтіруге және тұрғындарды уақытша көшіруге жұмсалды және бұл әлі түпкілікті сома емес,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының Жайлы қалалық орта басқармасының мәліметінше, № 1/179 үйдің вертикал жағын қалпына келтіруге және нығайтуға 196 миллион теңге бөлінген.

Шығындардың басқа баптарында айтарлықтай сома бар.

"Қалпына келтіру жұмыстары кезінде № 1/179 тұрғын үйдің тұрғындарын уақытша орналастыру үшін төтенше жағдай аясында жергілікті бюджет резервінен 32 миллион теңге бөлінді", - деп хабарлады әкімдіктің қоғаммен байланыс қызметі өкілі.

Тағы 312 миллион теңге барлық 32 тоғыз қабатты тұрғын үйге тексеру жүргізуге бағытталды. Ол үшін "ҚазҚСҒЗИ" АҚ-мен шарт жасалды.

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ тоғыз қабатты тұрғын үйлердің іргетастарының жай-күйін тексеру жұмыстарын жүргізіп, бекіту бойынша ұсыныстар береді, жұмыс өндірісінің жобасын әзірлейді, берілген ұсынымдарға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуына авторлық қадағалау жүргізеді, жұмыс жүргізілгеннен кейін қайта тексереді және тұрғын үйлер бойынша қорытынды айтады", - деп түсіндірді әкімдік өкілдері.

Тағы 271 миллион теңге 1/160, 1/161 нөмірлі үйлерді нығайтуға бағытталды.

"Зерттеу нәтижелері бойынша бұл үйлердің қисаюы анықталған жоқ. Берілген қорытындылар мен ұсынымдарға сәйкес құрылыстардың шөгуіне жол бермеу мақсатында іргетастардың негізін нығайту бойынша жұмыстар жүргізу қажет. Тұрғын үйлердің іргетасын нығайту жұмыстары кезінде тұрғындар көшірілмейді, себебі оларға қауіп жоқ. Нығайту жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіледі. Биыл алты үйді нығайту бойынша іс-шаралар жоспарланған", - деп атап өтті әкімдік өкілдері.

Айта кетейік, бұл барлық шығын емес. Барлық тұрғын үй бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, жұмыстың аяқталу мерзімі - 2020 жылдың қарашасы. Осыдан кейін түпкілікті сома анықталады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алғабаста тағы бірнеше үй қисайғанын мәлімдеген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети