02 қазан 2020 15:47

Алимент төлемегені үшін жаңа Toyota Prado көлігінен айырылған ер адам істі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алимент төлемегені үшін жаңа Toyota Land Cruiser Prado көлігінен айырылған Нұр-Сұлтан тұрғынына енді қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық жеке сот орындаушылар палатасына сілтеме жасап.


Алимент төлемегені үшін жаңа Toyota Land Cruiser Prado көлігінен айырылған Нұр-Сұлтан тұрғынына енді қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық жеке сот орындаушылар палатасына сілтеме жасап.

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 139-бабы ("Балаларды асырауға қаражат төлеу бойынша үш айдан астам міндеттерді орындамау") бойынша соталды тергеуді бастады. Бұл бапта жазаның бірнеше түрі қарастырылған. Олардың ішінде: 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру.

"Ер адамның баласы алдындағы алимент бойынша жалпы қарызы 7,5 миллион теңге. Ақша 2019 жылдан бері төленбеген. Бірнеше күн бұрын одан 2020 жылы шыққан Toyota Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігі тәркіленді. Ол куәгерлердің, полицейлердің және жеке сот орындаушысының қатысуымен өтті. Автокөлік тәркіленгенге дейін ер адам сот орындаушысына жұмыс орнынан 40 мың теңге алады деген анықтама көрсетті", - деді жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.

Бұған дейін алимент төлемеген ер адамның автокөлігі нарықта 28 миллион теңге тұратыны хабарланған болатын. Тәркілеуден кейін жол талғамайтын көлік арнайы тұраққа қойылды. Енді көлік құралын бағалап, оны аукционға қою керек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети