Алмас Кішкенбаевтың ісі сотқа түсті: қандай жаза тайындалуы мүмкін?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Instagram/Almas Kishkenbayev Instagram/Almas Kishkenbayev

Алмас Кішкенбаевқа қатысты іс Алматы қаласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот іс материалдарын қабылдады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алмас Кішкенбаевқа қатысты іс Алматы қаласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот іс материалдарын қабылдады.

"Сотта Кішкенбаев Алмас Бексейтовичке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс бар, ол ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша. 2024 жылғы 31 қаңтарда іс мәні бойынша қаралуы мүмкін болмады, себебі жәбірленуші, кәмелетке толмаған К.-ның заңды өкілі ауызша өтініш білдіріп, іс материалдарымен танысу үшін қарауды басқа күнге ауыстыруды сұраған", – делінген сот кеңсесінің ақпаратында.

Сот отырысы бүгін, 3 ақпанда өтеді.

Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Осы бап бойынша оған 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл немесе 5-тен 15 күнге дейін әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін.

Әлеуметтік желілерде Алмас Кішкенбаевтың полицияға жеткізілгені туралы мәлімет тарады.

Алмас Кішкенбаев қазақстандықтарға 2004 жылы Superstar KZ жобасының бірінші маусымында жеңіске жетіп, танымал болған эстрада әншісі ретінде таныс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer