1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы әкімдігі опырылған тасжол түсірілген видеоға қатысты түсінік берді 28 қыркүйек 2020, 16:51

Әлеуметтік желілерде опырылған тасжол түсірілген видео тарады. Алматы әкімдігі бұл оқиғаның Алатау ауданында болғанын айтты, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде опырылған тасжол түсірілген видео тарады. Алматы әкімдігі бұл оқиғаның Алатау ауданында болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Kozachkov offside Telegram-каналында жарияланды. Видеодан асфальттың опырылғаны көрінеді.

Алматы әкімдігінің өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді.

"2020 жылдың 24 қыркүйегінде Алатау ауданының 13-ықшамауданында (Алғабас) диаметрі 160 миллиметр су құбыры желісі жарылды. Кепілдік міндеттемелер шеңберінде "АлматыИнжстрой" ЖШС мердігерлік ұйымымен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сумен жабдықтау шамамен сағат 17.40-та жаңартылды.

25 қыркүйекте іргелес жатқан аумақтың іргетасы қабаттап тығыздалып, бұзылған телімдерге асфальт төселіп, абаттандырылды. Оның жарылу орны (12 шаршы метр) асфальт төсеу технологиясын сақтай отырып, осы жылдың 28 қыркүйегіне дейін қалпына келтіріледі", - деді әкімдіктегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 



Join Telegram