30 желтоқсан 2019 17:50

Алматы әуежайының маңында гүл ұрлаған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы полициясы департаменті © Алматы полициясы департаменті

Алматыда әуежай маңында гүл ұрлаған ер адам 5 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Алматыда әуежай маңында гүл ұрлаған ер адам 5 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, ол қоғамдық жерде мас күйде бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"30 желтоқсанда 37 жастағы ер адам мас күйде қоғамдық жерде ереже бұзды, бұл бір жыл ішінде екінші рет қайталанып отырған жағдай. Ол Түрксіб ауданындағы Монтажная көшесінде орналасқан дүкеннің маңында мас күйде жүріп, қоғамдық тәртіп бұзды", - делінген хабарламада.

Полицейлердің мәліметінше, ер адам сот барысында кінәсін толықтай мойындап, енді мұндай жағдай қайталанбайтынын айтқан.

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен ер адам 5 тәулікке қамалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети