13 қыркүйек 2021 12:18

Алматы жедел жәрдем қызметі жемқорлыққа қатысты шағымдарға жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы жедел жәрдем қызметкерлері басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын және қысым көрсеткенін айтып шағымданды. Басшылық тексеру барысында жүргізушілер шағымы дәлелденбегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы жедел жәрдем қызметкерлері басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын және қысым көрсеткенін айтып шағымданды. Басшылық тексеру барысында жүргізушілер шағымы дәлелденбегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін БАҚ-та Алматының жедел жәрдем жүргізушілерінің өтініші туралы хабарланған болатын. Оған 75 қызметкер қол қойған. Онда жүргізушілер жұмысқа орналасу үшін басшыларына белгілі бір соманы төлеу керегі айтылған. Сонымен қатар, авторлардың айтуынша, жүргізушілерге арнайы киім берілмейді, олар көлікті өз есебінен жөндейді, ал жаңа басшы келгеннен бастап коронавирус жұқтырған науқастармен жұмыс істеу қаупі үшін берілетін төлем азайған.

Өтінішке жауап ретінде Алматы қаласының "Жедел жәрдем қызметі" ШЖҚ қызметкерлерінің бұл шағымды 2 қыркүйекте жасағаны айтылды. Өтініште көрсетілген деректерді анықтау мақсатында "Нұр Отан" партиясы, Алматы әкімдігі, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тексеріс жүргізген. Жедел жәрдем қызметі жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша жүргізушілердің дәлелдері негізсіз деп табылғанын айтты.

"Өтініште айтылғандар бүкіл қызметкер пікірі емес, тек 12-ші қосалқы станцияның кейбір жүргізушілерінің наразылығы екенін айтып өткен жөн. Бұл наразылықтар басшылық тарапынан жанар-жағар май үшін жүргізушілердің шығынын бақылаудың күшеюіне байланысты шықты. Бұл тексеріс бюджет қаражатын ай сайын 8 361 660 теңгеге үнемдеуге көмектеседі. Сондай-ақ жедел жәрдем жүргізушілерінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алуға алып келді", - деді жедел жәрдем қызметіндегілер.

Ведомства жедел жәрдем жүргізушілерінің қатысуымен 39 жол-көлік оқиғасы болғанын, оның 19-ы жүргізушілердің кінәсінен екенін, екеуі өліммен аяқталғанын, тек жетеуі жарақат алғанын, олардың үшеуі дәрігер мен бір жедел жәрдем жүргізушісі екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети