Алматы-Қонаев тасжолын жүк көлігі жауып қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы-Қонаев тасжолын жүк көлігі жауып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы-Қонаев тасжолын жүк көлігі жауып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде пайда болды.

Кадрларға қарағанда, трал көпірге көтерілмек болған, бірақ жүргізуші жолды дұрыс есептемеген. Нәтижесінде бұрылуға басқа жүргізушілер көмектескен. Полицейлер Алматы-Қонаев тасжолында көлік қозғалысын тоқтатуға мәжбүр болды.

"Алматы-Қонаев тасжолы, Байсерке көпірі. Бұл бірінші жағдай емес, 3.14 "ен шегі" және 3.15 "ұзындық шегі" белгілері жоқ. "Қазавтожол" және Алматы облысының Полиция департаменті шара қолдануыңызды сұраймыз", - дейді видео сипаттамасында.

Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер бар!

Алматы облысының Полиция департаменті мәліметінше, мұндай оқиға шынымен де болған.

"Біздің полицейлер оқиға орнында болды, тәртіпке келтірді. Көп ұзамай көлік қозғалысы қалпына келтірілді", - деді Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.69  course up  562.33  course up  6.11  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети