18 тамыз 2019 09:35

Алматы облысында жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"18 тамызда 05:07-де ҚР БҒМ "СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 245 шақырым жерде Алматы облысы Панфилов ауданында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық классы - 12,8. MPV магнитудасы - 5,4. Тереңдігі 5 шақырым", - делінген хабарламада. 

Жер асты дүмпулері Жаркентте 4-5 балл, Талдықорған - 2-3 балл, сондай-ақ Кеген ауданындағы Саты ауылында - 2-3 балл сезілген. 

Алматы облыстық ТЖ департаменті мәліметті ала салысымен жергілікті атқарушы органдардың барлығына, ТЖА, ПД, прокуратура, Қазселденқорғау және басқа да ұйымдар осы аймақта сақадай сай тұр. 

"Алматы облысында Талдықорған қаласының 12 тұрғынынан сұрап білу мақсатында қоңырау түскен. Панфилов және Кеген аудандарының тұрғындарынан қоңырау түскен жоқ", - делінген хабарламада. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети