20 қазан 2016 16:39

Алматы облысында Кеген-Нарынқол автомобиль жолының 40 шақырымдық бөлігі жөнделді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

© m-astana.kz © m-astana.kz

Кеген-Нарынқол автомобиль жолының 40 шақырымдық бөлігінде сыртқы-бұдыр бетін өңдеу бойынша орташа жөндеу жұмыстары 1 ай бұрын алдын-ала аяқталуда, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеген-Нарынқол автомобиль жолы Райымбек ауданында Қытай Халық Республикасымен шекаралас орналасқан. Осы бөліктегі жөндеу жұмыстары бұл аймақтың дамуына, сондай-ақ, ішкі туризді дамытуға ықпал етеді. Соңғы рет жолда орташа жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Алматы облысында Алматы - Көкпек - Көктал - Хоргос бағытындағы және жалпы ұзындығы 30 шықырымға созылған "Алма–Тау туристік базасына кіреберіс" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыста жалпы ұзындығы 35 шақырымға созылған Көлсай көліне апаратын Жалаңаш-Саты автомобиль жолының кіреберіс бөлігінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Осы бөліктегі жөндеу жұмыстарын 2018 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети