19 сәуір 2022 | 13:20

Алматы облысында оқушы TikTok-та лайк жинау үшін өзіне қол жұмсайтынын айтып, видео түсірген

Фото pixabay Фото pixabay

Алматы облысында жасөспірім қыз TikTok-та лайк жинау үшін өзіне қол жұмсайтынын айтып, видео түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында жасөспірім қыз TikTok-та лайк жинау үшін өзіне қол жұмсайтынын айтып, видео түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл дерек Іле ауданындағы полиция бөлімінде тіркелді. Жергілікті тәртіп сақшыларына 18 сәуірде суицид туралы хабар түскен. Ауылдағы мектептердің біріндегі оқушы қыз кезекші офицермен сөйлесіп, ғимараттан құлап, өзіне қол жұмсауды шешкенін айтқан.  

Кезекші инспектор 13 жастағы оқушының бұл әрекетінің алдын алған. Ол оқиға орнына келіп, оқушыны райынан қайтарған. Артынша қыз ата-анасына жеткізілді. Полицейлер ата-анасымен сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.    

Ал мектеп оқушысы болса шын мәнінде, суицид жасау туралы ойы болмағанын айтқан. Ол сабаққа кешігіп қалып, екіқабатты ғимараттың шатырына шығып, полицияға өзіне қол жұмсайтынын айтқан. Ол барлық процесті телефонына түсіріп тұрған.  

"Оқушы қыз жақсы отбасынан шыққан. Мектеп әкімшілігі де оқушыны тәртіпті екенін айтады. Ол мұндай әрекетке баруына себеп - барлық процесті видеоға түсіріп, оны TikTok-қа салып, көп лайк жинау болғанын айтты", - дейді Іле аудандық полиция өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.2  course up  543.85  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer