14 тамыз 2020 16:15

Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен ер адам екінші ай іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© polisia.kz © polisia.kz

Алматы облысының полициясы хабар-ошарсыз жоғалған 49 жастағы ер адамның мекенжайын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы облысының полициясы хабар-ошарсыз жоғалған 49 жастағы ер адамның мекенжайын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талғар аудандық полиция басқармасы 1971 жылы туған Хамит Анасұлы Мингазовқа іздеу жариялады. Ол биыл 25 маусымда Талғар ауданының Бесағаш кентінде орналасқан "Петрол Азия" жанармай бекетінен белгісіз бағытқа кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.

Жоғалған адамның белгілері: бойы 175-180 сантиметр, орташа денелі, көздері көк, шашы қара бұйра, аз ғана мұрты бар. Үстінде қара түсті джинсы, түсі ақшыл жейде, аяқтарында қара аяқ киім, алтын түсті жазуы бар қара қалпақ киген.

Полицейлер ақпарат бергендерге құпиялылық сақтауға кепілдік берілетінін айтты. Іздеу жарияланған адамның мекенжайы немесе ол туралы қандай да ақпарат білетін адамдар 8 ( 7282 ) 600-232, 600-233 телефондарына немесе Талғар АПБ-не 8 (727) 295-61-05, 95-63-96 телефондары бойынша хабарласа алады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети