29 наурыз 2024 10:38

Алматы тауларында 20-дан аса заңсыз салынған ғимарат сүрілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы тауларында 20-дан аса заңсыз ғимарат сүрілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тауларында 20-дан аса заңсыз ғимарат сүрілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда тау бөктеріндегі құрылысты реттеу бойынша кеңес өтті. Оған Төтенше жағдайлар, жер ресурстарын басқару департаменттерінің өкілдері қатысты.

Алматы мәслихатының шешімі бойынша, 2022 жылы 15 градустан жоғары еңіс жерлерде құрылыс салуға тыйым салынды. Сонымен қатар, бұл түзетулер қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына енгізілген, онда тау бөктеріндегі 4270 гектардан аса жер рекреациялық аймақтарға ауыстырылуы тиіс.

Тау етегіндегі нысандарды жобалау кезінде қала құрылысы бөлімі топырақтардың геотехникалық зерттеулері болған жағдайда бастапқы мәліметтерді береді. Алматы құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, 2022 жылы 36 нысанға құрылыс салуға рұқсат беруден бас тартылса, 2023 жылы - 89, биыл - 32 нысан.

Осыған қарамастан, кейбір жағдайларда құрылыс салушылар рұқсат құжаттары болмаған жағдайда құрылысты жалғастырып жатыр. Барлығы таулы аймақтарда заңсыз құрылыс салудың 54 дерегі анықталып, сотқа 46 талап-арыз түсіп, оның 30-ы қала пайдасына қанағаттандырылды, оның бесеуі бойынша нысандарды сүрумен аяқталды.

Отырыс қорытындысы бойынша, қала әкімі Ерболат Досаев сәулет және қала құрылысы органдары мен аудан әкімдіктеріне рұқсат етілмеген құрылыстар бойынша тау бөктеріндегі аумақтарға тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне жеке тұрғын үйлер құрылысының барысын тексеру мүмкіндігі бөлігінде қала құрылысын бақылау органдарының өкілетін күшейту туралы ұсыныс енгізілсін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети