01 қыркүйек 2021 09:46

Алматыда 30 мыңнан аса оқушы 1-сыныпқа барды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев/Tengrinews.kz© Фото: Әлихан Сариев/Tengrinews.kz©

Алматыда 30 мыңнан аса бала 1-сыныпқа барды. Бұл туралы қалалық білім бөлімі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда 30 мыңнан аса бала 1-сыныпқа барды. Бұл туралы қалалық білім бөлімі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министрлік мәліметінше, биыл Білім күніне "Алғашқы қоңырау" салтанаты Алматының барлық мектебінде ұйымдастырылған. Алайда оған тек бірінші сынып оқушылары қатысады.

"Алғашқы қоңырау" барлық мектеп аумағында далада өтеді. Бірінші сынып оқушыларына "Әліппе" немесе "Букварь" беріледі", - деді департаменттегілер.

2-11-сынып оқушылары салтанатты жиынға қатыспайды. Оларға Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай сынып сағаттары ұйымдастырылады.

Биыл бүкіл Қазақстан бойынша 1-сыныпқа шамамен 370-380 мың бала барған. Олардың нақты саны кейінірек белгілі болады.

"2021-2022 оқу жылында 370 мыңнан аса ата-ана, 380 мыңнан аз баланың 1-сыныпта оқуына өтініш берді. Нақты саны 5 қыркүйектен кейін белгілі болады",-деді білім министрлігі өкілі.


Сурет: Әлихан Сариев/Tengrinews.kz©

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынымдарына сәйкес мектептерде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет. Оған барлық қызметкер мен білім алушы күнделікті таңертең тексеру, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу, сынып ауыстырып сабақ өтуді шектеу, сыныптарды кезекпен қоңырауға шығару, асханаларда тамақтану тәртібін бақылауды күшейту кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети