07 ақпан 2019 08:05

Алматыда 40 жастағы ер адам із-түссіз жоғалып кетті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.tv © almaty.tv

Осыдан бір жыл бұрын үйінен шығып, оралмаған Қанатбек Шарғыновтан әлі күнге дейін хабар жоқ, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Осыдан бір жыл бұрын үйінен шығып, оралмаған Қанатбек Шарғыновтан әлі күнге дейін хабар жоқ, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ақыл-есі дұрыс апталдай жігіттің өз еркімен кетіп қалуы мүмкін емес дейді жақындары. Жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің туыстары енді көптен көмек сұрап отыр.

"Бұл оның күзде киетін күртесі, жаңбырда, асфальтта жүргенде су өтпесін деп алған... Мынау қыстық күртесі болатын, әрқашан осыны киіп жүретін. Сол бойы тұр", - деп туыстары Қанатбектің киімдеріне қарап, оны сағынышпен еске алады.

Қанатбек Шарғыновтың киімдері мен төсегі бір жыл өтсе де бәз-баяғы қалпында тұр. Туыстарының "бір күні келіп қалар" деген үміті үзілер емес. Мариям апайдың айтуынша, жігіт өте тұйық болған. Дегенмен, дөрекі қылығы жоқ, көмекке даяр тұратын азамат еді дейді. Былтыр ақпанда үйден шығып кеткен ол сол күйі оралмаған. Сол күні үйде болған қарындасы ағасын біреулердің шақырғанын құлағы шалған.

"Мен онымен бірге үйде отырғанмын. Қанат ағамды бір орыс ағай шақырды. Содан соң Қанат ағам жаздық сүйретпе аяқ киім мен бір қабат сырт киім киді де, далаға шықты. Артынша қайта кіріп, кроссовкиі мен күртесін киіп, кетіп қалды", - деп мән-жайды түсіндірді Қанатбек Шарғыновтың қарындасы Арай Шарғынова.

Алғашында "жұмыстарымен жүрген болар, үйге оралар" деп күткен туыстары бірнеше күн өткен соң полицияға хабар береді. Дегенмен, бір жылдан бергі іздестіру шараларынан еш нәтиже шықпаған. Ал жақындары оның өз еркімен кетіп қалуы мүмкін емес деп пайымдайды. Бар амалы таусылған әпкесі тіпті көріпкелдерге дейін барған. Бәрінің айтатыны бір дейді: жігіт тірі, тек қашып кете алмайды. Біреулер күштеп, құлдықта ұстап отыр деген көрінеді.  

"Үшінші балгерге бардым кеше, оның айтқаны да алдыңғылардың айтқанымен сәйкес келді. "Ешқайда шыға алмайды, мәжбүрлі құлдықта отыр, мал бағып жүрген сияқты" деген болжам айтады. "Қарны тоқ, тірі, бірақ ол жерден шыға алмайды" дейді. Біз бәлкім, басынан зақым алып, ес-түссіз жүр ме екен деп те ойлаймыз. Әйтпесе, ендігі үйге келетін еді. Ондай кетіп қалатын әдеті жоқ еді. Жұмыстан кешігіп жатса да хабарласып, ескертіп отыратын", - дейді Қанатбек Шарғыновтың әпкесі Эльмира Жанғазиева. 

Бәрінен де Қанатбекті үйдегі кішкентай қарындасы қатты күтіп жүр. Арай ағасының өте мейірімді әрі қамқор болғанын айтады.

"Қанат ағамның келгенін қалаймын. Қанат ағамды қатты сағындым", - деп жылайды кішкентай Арай.  

Жоғалған жігіттің туыстары қақпа ашылып, ит үрген сайын терезеге қарап, елеңдеп отырады. Жігіт ағасының келетінінен күдерін үзбеген олар күні-түні тек соның амандығын тілеуде. Қанатбек Шарғыновты көрген-білген жандар болса, 8-707-568-46-44, 8 707-686-45-13 нөмірлеріне немесе 102-ге хабарласуларын сұрайды.  

"Қанат жаным, сені біз күтіп жүрміз. Сенің ешкімге ешқандай зияның жоқ еді, жуас едің. Мен кішкентайыңнан бағып өсірген, шешеңнің орнындағы шешеңмін. Қайда жүрсең де, қандай халде болсаң да, мен сені құшағыма аламын. Тіпті, ауру боп қалсаң да, бір жеріңе зақым келген болса да, мен сені қабылдаймын. Қай жерде жүрсең де, қайырыл... Маған келші, жаным. Мен 73-ке келдім, қашанғы осылай жүре беремін... Міне, бір жыл болды сені іздеймін...", - дейді Қанатбек Шарғыновтың әжесі Мария Шарғынова.

Қанатбектің әпкелері оның тірі екеніне сенгісі келеді. Бір жыл бойы жігіттің жолына қараған туыстарының ендігі үміті - бақсы-балгерлерде. Жақын арада Қанатбекті табу үшін олар экстрасенстердің көмегіне жүгінбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети