29 сәуір 2015 14:50

Алматыда Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі 1 мамырда өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Батырхан Шүкенов ©Батырхан Шүкенов

Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ғимаратында Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі 1 мамырда сағат 10.00-де өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әртістің директоры Олжас Байкановқа сілтеме жасап.


Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ғимаратында Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі 1 мамырда сағат 10.00-де өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әртістің директоры Олжас Байкановқа сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгін, 29 сәуірде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновпен қоштасу Мәскеуде өтеді. Шараға әртістің туыстары мен жақындары, сонымен қатар, Ресей шоу-бизнесінің өкілдері қатысады. Кейін марқұмның денесі Алматыға жеткізіледі.

Осыған дейін әншінің 52 жасында Мәскеуде қайтыс болғаны хабарланды. Оның ағасы Бауыржан Шүкеновтің айтуынша, әншіің соңғы уақытта денсаулығы нашарлаған. Олжас Байкеновтың айтуынша, Батырхан Шүкенов "Один в Один" шоуының дайындығында ауырып, үйіне келген. Оның пәтеріне жедел жәрдем келіп жеткен, бірақ әншіні олар құтқара алмады.  

Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Мансап жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған А'Студио тобының фронтменті болады, ал бір жылдан кейін "Джулия" деп аталатын хит әні шығады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге "Рождественские встречи" байқауына қатысқаннан кейін келеді. Батырхан Шүкенов А'Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. 2015 жылы "Россия 1" телеарнасының "Один в один" шоуына қатысып жатқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети