28 қыркүйек 2020 14:57

Алматыда бүгіннен бастап жылу беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматыда жылыту маусымын 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда жылыту маусымын 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жылыту маусымы бүгін, 28 қыркүйектен басталады.

Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметі бойынша жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100 пайызға дайын.

"Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгіннен бастап, жылу толық  беріледі. Тұрғын үйлер ағымдағы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылады

Қалада барлығы білім берудің - 144, денсаулық сақтау саласының 133 нысаны және орталық жылу жүйесіне қосылған 8024 көппәтерлі үй бар", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Алматыда жылу маусымы 28 қыркүйектен басталады Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жылу маусымын бүгінгі күннен, яғни 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылданды. Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметі бойынша жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100% дайын. Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгінгі күннен бастап жылу толық қуатында беріледі. Тұрғын үйлер ағымдағы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылатын болады. Қалада барлығы білім берудің – 144, денсаулық сақтау саласының 133 нысаны және орталық жылу жүйесіне қосылған 8024 көппәтерлі үй бар. Айта кетерлігі, қалада бұрындары жылу 15 қазаннан соң берілетін, яғни үш күн ішінде ауаның тәуліктік орташа температурасы 8 градустан төмен болғанда.

Публикация от Асет Мукажанов (@aset.mukazhanov)

Айта кетейік, Алматыда осыған дейін жылу 15 қазаннан соң берілетін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети