16 қараша 2018 12:35

Алматыда Green Bus компаниясы тағы екі бағытынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© locefoc.com © locefoc.com

Алматы қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы Green Bus company тасымалдаушысымен №30 және №135 бағыттары бойынша келісімшартты үзді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы Green Bus company тасымалдаушысымен №30 және №135 бағыттары бойынша келісімшартты үзді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Мұндай шешім шығаруға жолаушылардың наразылығы түрткі болған. 

"Осы бағытта жүретін автобустардың жиілеп қатынау көрсеткішінің төмен болуына байланысты, бүгіннен бастап  бұл бағыттар басқа тасымалдаушыға берілді", - деді басқарма өкілдері. 

Дәл осындай себеппен кеше Green bus компаниясынан № 73 және № 79 бағытында жолаушыларды тасымалдау қызметінен айырылды. 

"Қала тарапынан мардымды қаржыландыру жүріп жатқанына қарамастан, кейбір компаниялар бағыттарда қызмет көрсету бойынша келісімшартты жүйелі түрде бұзуға бейім. Қазіргі уақытта тасымалдаушы компанияларды субсидиялау бойынша жалпы жұмысы қайта қаралып жатыр, кейбіреулерімен келісімшарттар үзіледі. Бүгін Green bus компаниясы қызмет көрсететін № 37 және №79 бағытында жолаушыларды тасымалдау жұмыстарын басқа компанияға беру туралы шешім шығарылды", - деді ведомство өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети