07 қазан 2022 21:13

Алматыда жаңа халықаралық цирк бағдарламасы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: massaget.kz Фото: massaget.kz

"Қазақ мемлекеттік циркі" "Sunny show" атты жаңа халықаралық цирк бағдарламасын ұсынады. Бағдарлама 8 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді.


"Қазақ мемлекеттік циркі" "Sunny show" атты жаңа халықаралық цирк бағдарламасын ұсынады. Бағдарлама 8 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді.

Цирк бағдарламасына халықаралық цирк өнерiнiң бiрегей жұлдыздары қатысады. Олардың қатарында ТМД бойынша ең үздік сайқымазақ шебері, цирк өнерінен халықаралық фестивальдердің лауреаты Артем Малков бар. Дүниежүзiлiк каскадерлер академиясының "Таурус" (АҚШ) сыйлығының иегері Жайдарбек Күнғожиновтың жетекшілігімен атты-акробатикалық "Номад" тобы өнер көрсетеді.

Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткері Құрманғали Досбатыровтың жетекшiлiгiндегi "Белдіктегі әуе гимнастары" "Азия жаңғырығы" XIII Халықаралық цирк өнері фестивалiнiң күмiс жүлдегерлері Марина Стародубова мен Даяна Жетпісова да көрермендерді өз өнерімен тәнті етпек.

Жаңа халықаралық цирк бағдарламасы аясында Ю.Никулин циркі Мәскеу халықаралық жастар цирк өнері фестиваль-байқауы және II Минск цирк өнері фестивалінің қола жүлдегерлері Адлет Тикановтың жетекшiлiгiндегi жаңа нөмір, сондай-ақ "Азия жаңғырығы" XIII Халықаралық цирк өнері фестивалiнiң алтын жүлдегерлері Равиль Сейдгариевтің жетекшiлiгiндегi "Даршылар" нөмірі қойылады.

 

2 сағатқа созылатын бағдарламада көрермендер Монте-Карло жеңімпаздары Демидовтар әулетінің ізбасары Таисия Демидова "Эквилибр хула хуптар", Қазақ мемлекеттік циркінің би-акробатикалык балет тобы, сондай-ақ бағдарламаға еркiн сымға үйретілген епті аюлар, бұзық маймыл және көңiлдi иттердің өнерін тамашалайды.

"Алматы циркінің шығармашылық ұжымы өз көрермендерін, қала тұрғындары мен қонақтарын, цирк өнерінің барлық бағалаушыларын үлкен қуанышпен күтеді. Цирк фойесiнде Алматы қаласының көшпелі мұражайлар көрмесі ұсынылады, олар апта сайын жаңартылып отырады. Бағасы да қолжетімді, 1500-6000 теңге аралығында болады", - дейді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Максат Жайықов.

Жаңа халықаралық цирк бағдарламасы бүгін бастау алды. Алғашқы қойылымы мүмкіндігі шектеулі, балалар үйi мен интернат тәрбиеленушiлерiне және аз қамтылған көпбалалы отбасы балаларына кайырымдылық мақсатта арналды. 13 қарашаға дейін сенбі және жексенбі күндері өз өнерлерін жұртшылыққа ұсынатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети