Алматыда жас жұбайлар некесін түрмеде қиды

21 Сәуір 2018, 17:30
0
Алматыда жас жұбайлар некесін түрмеде қиды - © almaty-akshamy.kz
© almaty-akshamy.kz

Алматыда жас жұбайлар некесін түрмеде қиды, деп жазады almaty-akshamy.kz басылымы ЛА-155/18 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, әділет майоры Машимбаевқа сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/18 мекемесінде шаруашылық қызмет көрсету жасағындағы сотталған азаматтың отбасын құруына байланысты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Неке қию рәсімін өткізуге Алматы қаласы Түрксіб аудандық АХАЖ бөлімінің қызметкері Әлия Қонаева шақырылып, жас жұбайларға неке куәлігі табысталды.

"Тағдырдың қиындығына берілмей, өмірге деген құштарлығын жоғалтпай, бір-біріне деген сезімдерін суытпай шаңырақ көтеріп жатқан жастарға бақыт тіледік. Отбасы - кез келген адам үшін ең жылы ұя. Қазақ шаңырағы - ата-баба дәстүрлерін, өнегелер мен салт-жоралғыларды сақтаушы. Ол жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігі мен мәдениет­тілігін тәрбиелеуге негіз қалап береді", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға отбасын құруға заң жүзінде мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл сотталған азаматтардың жақындарының қолдауын сезінуіне және түзелуіне оң әсер беріп қана  қоймай, олардың қоғамға оң көзқараспен оралуына үлкен септігін тигізетін іс-шара болып саналады.

 

 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай