17 тамыз 2021 09:35

Алматыда жұлдыздар қатысқан шара: тағы екі адамға айыппұл салынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram/lido_kz Фото: instagram/lido_kz

Алматының санитарлық қызметі 8 тамызда Royal Tulip Almaty қонақүйінде өткен жиынға қатысқан тағы екі адамға хаттама жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының санитарлық қызметі 8 тамызда Royal Tulip Almaty қонақүйінде өткен жиынға қатысқан тағы екі адамға хаттама жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші Лидо (Лидия Досалина) мен фотограф Ришат Кәрімовке ӘҚБтК-ның 425-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Бап бойынша санкциялар 30 АЕК (87 мың теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуді қарастырады.

Бұған дейін шараны ұйымдастырушы "Е.М. Күлтасов" жеке кәсіпкерлігі, қонақүй менеджері, әнші Луина мен оның күйеуіне айыппұл салынған болатын. Сонымен қатар, әнші Бүркіт, вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева, әнші және актриса Рано Умарова, продюсер Ләззат Биғалиева мен шоумен Кирилл Мейстер үшін хаттама жасалды.

Еске салайық, 8 тамызда карантин шараларын елемей, Royal Tulip Almaty қонақүйінде қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен Black Star Burger ашылғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети