Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда журналист Бота Жұмановаға шабуыл жасаған адам қамауға алынды

29 Қазан 2015, 09:38
1
Иллюстрация © Тengrinews.kz
Иллюстрация © Тengrinews.kz

Бота Жұмановаға шабуыл жасаған ер адамды сот 2 айға қамауға алды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"2015 жылы 28 қазанда қамауға алу туралы санкция берілді", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, кеше, 28 қазанда Алматы ІІД-де Жұманованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтуі тиіс болған еді. Алайда зардап шеккен қыз Tengrinews.kz тілшісіне брифингтің болмайтынын отырыс белгіленген уақытқа 10 минут қалғанда хабарлады. "ІІД ғимаратына жақындаған кезде менің ұялы телефоныма біреу қоңырау шалды. Баспасөз мәслихаты әзірше кейінге қалдырылады, нақты уақыты белгілі болғанда өзім қосымша хабарлаймын", - деді ол. Кейін журналист жиналған соманы толықтай "Әлеуметтік Жобалардың Халықаралық Ассоциациясы" ҚБ халықаралық қорына беретінін жеткізді. Бұған дейін кәсіпкер Ерлан Нұрпейісов шабуыл жасаған адамды ұстауға көмектескендерге сыйақының берілетінін мәлімдеген болатын.

"Бұл ұйым өте көп мөлшердегі әлеуметтік жобаларды жүргізеді және жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалармен жұмыс істеуге мамандандырылған. Мен ӘЖХА-да 15 жылдан артық жұмыс істеп келе жатқан адамдарды білемін, себебі Майқұдықта тұрған кездерде мен және менің мектептегі достарым "Қашықтан асырап алу" жобасында еріктілер болып жұмыс істегенбіз", - деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісінде. Сонымен қатар, Жұманова Нұрпейісовтің хабарламасына жауап беріп, ақша жинауға көмектескендерге алғысын айтты.

Еске сала кетейік, Алматыда журналист Ботагөз Жұмановаға жасалған шабуылдың видеосы жарияланған болатын. Оқиға 8 қазан күні кешке болған. Видеодан бір жігіттің журналист қыздың соңынан ілесіп келіп, бірер секундтан кейін оны соққыға жығып, ұрып, тепкінің астына алып, қашып кеткенін көруге болады. Алматы полициясы шабуыл жасаған адамды ұстады. Ол Жаркенттің тумасы, айтуынша Ботаның БАҚ-та жұмыс істейтінін ол жаңалықтардағы видеодан кейін білген. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай