Алматыда нөсер жауып, Астанада найзағай ойнайды: 2-4 шілдеге арналған болжам

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда нөсер жауып, Астанада найзағай ойнайды: 2-4 шілдеге арналған болжам Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 2, 3 және 4 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 2, 3 және 4 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

2 шілдеде құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундсына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +28...+30 градус жылы болады.

3 шілдеде күн ала бұлтты болады, кей кездері жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +24...+26 градус жылы.

4 шілдеде құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +21...+23 градус жылы.

Алматыдағы ауа райы болжамы

2 шілдеде құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз нөсер жаңбыр жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундсына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +27...+29 градус жылы.

3 шілдеде құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, кей уақытта нөсерлетіп, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундсына 15 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +23...+25 градус жылы.

4 шілдеде құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундсына 15 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +25...+27 градус жылы.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғындарына нөсер жаңбыр салдарынан таулы жерлерде сел жүру қаупі сақталып отырғаны ескертілді. Наурызбай ауданында құлақтандыру жүйесі іске қосылып, кейбір қала тұрғындарының ұялы телефондарына шұғыл хабарламалар келді.

Кейінірек ТЖМ Алматының Наурызбай ауданындағы сел қаупіне байланысты Ақсай өзенінің арнасы бойында тұратын тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Читайте также

Валюта бағамы

 479.23   545.81   6.14 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +26
Ақтау +24
Ақтөбе +22
Атырау +26
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +29
П
Павлодар +23
Петропавл +25
С
Семей +32
Т
Талдықорған +31
Тараз +33
Түркістан +24
О
Орал +27
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер