19 шілде 2020 10:44

Алматыда СOVID-19 жұқтырғандарды емдейтін ауруханаларға арналған дәрі-дәрмектің резерв қоры құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: almaty.gov.kz Сурет: almaty.gov.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен КВИ жұқтырған науқастар емделетін стационарларды дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ететін резервтік қор құрылды. Оның жұмысына 5 миллиард теңге көлемінде қаражат қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен КВИ жұқтырған науқастар емделетін стационарларды дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ететін резервтік қор құрылды. Оның жұмысына 5 миллиард теңге көлемінде қаражат қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

13 шілдеден бастап резервтік қордан инфекциялық және провизорлық ауруханаларға 70 мыңнан астам қажетті дәрі-дәрмек қаптамасы жеткізілді. Оның ішінде дексаметазон, цефтриаксон, азитромицин, эноксапарин, офлофлоксацин, меропенем, клексан және парацетамол бар.

"Бүгінде ауруханада КВИ жұқтырған науқастарды, сонымен қатар қосалқы ауруларды емдеуге қажет дәрі-дәрмектердің айлық қоры бар. Бүгінгі таңда ауруханада дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі жоқ", - деді И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының сарапшы-дәрігері Тамара Утағанова.

Қордағы дәрі-дәрмектер Фтизиопульмонология орталығына да жеткізілді. Індет басталған уақыттан бері бұл аурухана карантиндік және провизорлық бөлім ретінде жұмыс істеп келеді. Алайда қазір мұнда тек коронавирус жұқтырған науқастар емделеді.

"Ем қабылдап жатқан науқастар зардап шекпеуі үшін біз үнемі, күндіз-түні, өзімізге қажет дәрі-дәрмектердің өтінімін жасаймыз. Негізгі дәрі-дәрмектерден басқа біз гуманитарлық көмек есебінен дәрілік заттар мен басқа да медициналық заттарды аламыз. Олар қоймаларда қалып қоймайды. Өйткені оларға әрдайым қажеттілік бар. Бізге келген науқастар дәрі-дәрмектерді және жалпы медициналық көмекті толық көлемде алады. Сондықтан пациенттер тезірек сауығып, үйлеріне оралады", - деді Алматы қаласындағы фтизиопульмонология орталығының инфекция бөлімінің меңгерушісі Абзал Дүйсенбекұлы.

Осы күндері № 7 қалалық клиникалық аурухананың дәріхана қоймасының медициналық қызметкерлері демалыссыз жұмыс істейді. Дәрі-дәрмектерге сұраныс күн сайын артып келеді. Ал жаңа жеткізілімді түсіру жеделдікті қажет етеді.
"Қала әкімдігінің қолдауымен қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету реттелді. Кеше ғана біз дәрі-дәрмектің үлкен партиясын қабылдадық", - деді қалалық № 7 клиникалық ауруханасы бас дәрігері орынбасарының м.у.а. Күнсұлу Жұмабаева.

Аурухана көпсалалы және инфекциялық-провизорлық көмек көрсетеді. Мұнда 300-ден астам пациент стационарлық емдеуде жатыр. Қажетті дәрі-дәрмектерге сұраныс күн сайын түсуде.

Кеше №7 қалалық ауруханаға антикоагулянттар, гормоналды, вирусқа қарсы дәрілер иен антибиотиктер түсті. Қазір бұл препараттар қораптан шығарылып, бөлімдерге таратылды. Медициналық персоналды дәрі-дәрмек және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету 2 айға қарастырылған.

Жалпы, 1 шілдеден бастап "СҚ-Фармация" ЖШС-мен бірге миллионнан астам дәрі қаптамасын жедел түрде қалалық ауруханаларға жеткізу ұйымдастырылды. Оның ішінде 437 мың антибиотик, 77 мыңнан астам антикоагулянт, 160 мың гормоналды және 77 мың ыстық түсіретін дәрілер бар. Қазіргі уақытта бірыңғай оператормен ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін резервтер

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети