25 қазан 2016 21:31

Алматылық атқыш Күлекбаев сот отырысында залдан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматыда қанды қырғын салған Руслан Күлекбаев сот отырысында мінез көрсетуін тоқтататр емес. Бүгін судьяның ескертуіне кезекті рет құлақ аспаған айыпталушы ақыры сот залынан қуылды, - деп хабарлайды КТК арнасы.

"Сол қатарда отырыңыз. Күлекбаев тұрыңыз. Тәртіпті бұзғаны үшін сотталушы сот залынан шығарылады", - деді судья.

Алайда сот отырысы мұнымен тоқтап қалған жоқ. Басты күдікті болмаса да, судья Алматыдағы атысты көзбен көрген куәгерлерден жауап алып, мән-жайды анықтады. Барлығы да қару ұстап қала кезген Руслан Күлікбаевтың жасаған қылмысын жіпке тізгендей айтып берді.

Лаңкестің адвокаты болса сотты сыйламаған Руслан Күлікбаевтың әрекетін денсаулығымен байланыстырып отыр. Оның айтуынша, қорғауындағы азамат жарақатынан толық жазылмаған. Сондықтан судьяның сұрағына тұрып жауап бере алмайды дейді Ғабит Құсайынов.

"Операциядан кейін отырып-тұруы қиын. Өзі осылай деді маған", - деді Руслан Күлекбаевтың адвокаты Ғабит Құсайынов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети