11 қаңтар 2018 12:39

Алматылық жол-патрульдік полицейлер қашан планшетке толықтай көшеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев алматылық жол-патрульдік полицейлерінің қашан планшетке толықтай көшетіні жайлы брифингте айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өткен жылы тек 50 планшет сатып алдық. Биыл бюджетке осы мәселеге қаражат бөлу қарастырылған. Бірінші тоқсан барысында барлығына планшет алып береміз. 100 пайыздық өту болады", - деді Жандос Мұраталиев. 

Оның айтуынша, планшетті қолдану жақсы әсер берген, яғни тіркеу уақыты 30-45 минуттан 5 минутқа дейін қысқарған.

"Осы планшетте жүргізуші туралы барлық мәлімет болады, көлік туралы да және жүргізушінің іздеуде жүргені немесе жоғы да бар. Барлық мәлімет интеграцияланған, бірден республикалық базаға түседі және айыппұлды 5 минуттан соң төлей беруге болады", - деді ол. 

2017 жылы тамызда Алматы полицейлері жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерге планшет арқылы хаттама толтырылатыны айтылған. Оның қалай істейтіні жайлы мына жерден оқисыз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети