21 маусым 2023 11:21

Алматылық тұрғындар үйлеріне қоңыз қаптап кеткеніне шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғындары қалаға ағаш қоңыздарының қаптап кеткеніне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тұрғындары қалаға ағаш қоңыздарының қаптап кеткеніне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

35 жастағы Роман Беккердің айтуынша, ол Атакент ауданындағы көпқабатты үйде тұрады екен. Соңғы аптада бұл жәндіктерді әр қадам сайын көретін болған. Мұндайды ол қалада өмірінде бірінші рет көріп тұр екен.

"Кешке кез келген ағаштың түбінде тұрыңыз, сонда 10-15 ағаш қоңыздары басыңызға түседі. Кеше мен Абай-Масанчи ауданында болдым, ол жерде қарағашқа жақын жерде осы қоңыздар көп кездесетін көп қабатты үй бар. Мен төртінші қабатта тұрсам да қоңыздар көріне бастады. Бұл экологиялық апат. Олардың қандай зиян келтіретіні белгісіз.

Бұрын, бәрі тазартылып тұратын бірақ қазір білмеймін. Биыл ағаш кесуді мүлдем қойды. Алматыны ағаштар басып қалды. Менің түсінгенім, әкімдік аулаларды тазалауға рұқсат берген бірақ жасыл желектерді күтіп-баптауды қойған. Бұрын ағаштардың түбі ағартылатын еді. Қазір Әуезовке барыңыз, мұндай ағаш көрмейсіз. Тіптен құстарды көре алмайсыз. Біздің әсем қаламызда олар сирек кездеседі", - деді Роман.

Tengrinews.kz тілшілері Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының мамандарына жүгінді. Өсімдіктерді биологиялық қорғау басқармасының басшысы Нұржан Мұхамадиевтің айтуынша, мұның бәрі Алматыдағы ауа райы мен климаттың өзгеруіне байланысты. Биыл қалада көктем жаңбырлы болды.

"Көктемнің ұзаққа созылған салқыны, содан кейін температураның 35 градусқа дейін көтерілуі осы жәндіктердің қарағаш түбінде көбеюіне қолайлы кезең. Оларды халық арасында "сасық қоңыз" деп атайды. Өйткені олар қол тигізгенде жағымсыз иіс шығарады. Олар негізінен санитарлық кесу аз жүргізілетін аулаларда көп кездеседі. Сонымен қатар тазартып, өңдеуге барлығы келісе бермейтін аулаларда да көп. Мұндай жерлерде көбею ошақтары пайда болады. Орталық көшелерде мұндай жағдай жоқ. Бұлар қарағаш пен басқа да ағаштар да өмір сүреді. Өйткені ол жерлер мезгіл сайын өңделеді, - деді Нұржан Мұхамадиев.


Маманның айтуынша, дәл осындай жағдай Алматыда 2017-2020 жылдары болған. Бірақ мұндай жәндіктер зиянкестерге жатпайды.

"Бұл жәндіктер адамдарға зиян келтірмейді, жай ғана жайсыздық тудырады. Олар қарағаш тұқымымен қоректенеді. Бұталарда өмір сүреді. Күресу үшін эвкалипт майын, торларды, дихлорволарды, терезе торларын қолдануға болады.

Аулаларға құс ұяларын салуға кеңес берер едім. Қалада құстар аз, құрылыстар көбейгендіктен құстар азайып кетті. Мектептер мен балабақшаларға құстарға арналған ұя салу керек", - деді Мұхамадиев.

Мұхамадиев алматылықтарды сабыр сақтауға шақырды. 2-3 аптадан кейін жәндіктер қала тұрғындарын мазаламайтынын мәлімдеді.

2019 жылдың шілде айының басында Алматы тұрғындары да жәндіктердің үйлер мен кеңселерде жаппай таралуына шағымданған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети