“Алтын Орда“ базарының бұрынғы басшылығына іздеу жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстанның құқық қорғау органдары Алматыдағы "Алтын Орда" базарының бұрынғы басшысы Данияр Әбдіғапаровқа іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның құқық қорғау органдары Алматыдағы "Алтын Орда" базарының бұрынғы басшысы Данияр Әбдіғапаровқа іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

qamqor.gov.kz құқықтық статистика сайтында Данияр Әбдіғапаровқа іздеу салынғаны туралы ақпарат пайда болды – ол бұрын Алматыдағы "Алтын Орда" базарының басшылығы құрамына кірген.

Скрин qamqor.gov.kz сайтынан – 2025 жылғы 26 мамыр

Неге іздестіріліп жатыр?

Әбдіғапаров қазіргі уақытта қандай құқықбұзушылық бойынша іздестіріліп жатқаны сайтта нақты көрсетілмеген. Іздеу жариялаған – ҚР Ішкі істер министрлігі, ал тергеп жатқан орган – Алматы облысы Қарасай ауданының полиция басқармасы.

Мән-жайы

2023 жылдың қаңтарында Әбдіғапаров базардың басқа да басшылары – Жұмадин Патов, Айдос Нұрқалиев және Қанат Жақаевпен бірге іздеуде болған.

Ол кезде Әбдіғапаров, Нұрқалиев, Патов және Жақаев алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені хабарланған.

Бұған дейін базар сатушылары оларды бұрынғы әкімшілікке құрылыс сатысындағы павильоннан сауда орындарын алу үшін ірі көлемде ақша төлегенін, бірақ нысан аяқталмай, сауда орындарын да, ақшаларын да жоғалтқанын айтып шағымданған. Кейін базарға жаңа басшылық келген.

Бұрын Алматы облысының экс-әкімі Қанат Бозымбаев "Алтын Орда" базарында көші-қон заңнамасын қоса алғанда, бұзылмаған заң қалмағанын айтқан болатын. Оның айтуынша, базарда санитарлық талаптар мүлде сақталмайды, ал мигранттар тұратын көптеген жатақханалардан лас қалдықтар өзенге төгіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Астанада ірі өрт шықты
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.5  course up  611.91  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer