03 қыркүйек 2021 09:30

Әнші Бүркіт Тараз маңындағы жарылыстан қаза тапқан полковникпен соңғы әңгімесі туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/berkut_aibekjan © instagram/berkut_aibekjan

Әнші Бүркіт "Жетінші арна" студиясында Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқан полковник Мейіржан Айманов туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Бүркіт "Жетінші арна" студиясында Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқан полковник Мейіржан Айманов туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мейіржан Айманов пен әнші Бүркіт бір сыныпта оқып, бала кезде дос болған.

"Тегі "А" әріпінен басталатындықтан сынып журналында ол бірінші тұратын. Кейбір пәндер бойынша әрдайым оны бірінші тақтаға шығаратын. Шашында аздаған ағы бар, жақсы жігіт еді. Мектепте бұзық болды. Бірақ мектеп кезінде кім бұзық болмады? Өскеннен кейін ақыл тоқтатып тынышталатынымыз болмаса. Менің әкем бұрынғы өрт сөндіруші. Отставкадағы әскери қызметкер. Полковник атағымен зейнеткерлікке шықты", - деп еске алады әнші.

"Біз 10 жылдан кейін қоңырау шалып, сөйлесе бастадық. Ол жақын достарымның бірі болды. Менімен сыныптастар арасында байланыс орнатты. Таразға барған сайын кездесіп, сөйлесетінбіз", - деді Бүркіт.

Әнші қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын досына қауіп төніп тұрғанын сезген.

"Мен қайғылы оқиға болған күні Нұр-Сұлтанда болдым. Жаңалықтарды көргенде досым сол жерде болуы мүмкін деп ойламаппын да. ТЖМ-да жұмыс істейтінін ұмытып кетіппін. Содан кейін түнгі сағат 12-де сыныптасым қоңырау шалып, досымыздан айырылып қалғанымызды айтты", -деді Бүркіт.

"Осы оқиғадан бес күн бұрын оған қоңырау шалдым. Көлікте отырғанымда жағымсыз сезім болды да қоңырау шалдым. Мека, Мейіржан, бәрі жақсы ма? Ол "иә" дейді. Мен абай болыңыз деймін. Ол бәрі жақсы екенін айтып қоштасты. Осы әңгімеден кейін мына қайғылы жағдай болып тұр", - деп бөлісті ол.

"Олар кінәлілерді іздейді ме, жоқ па білмеймін. Бұл жағдай келесі жолы қайталанбауы үшін не істейді. Біз бейбіт заманда өмір сүріп жатып, көп досымыздан, балаларымыздан, жас жігіттерден айырылып жатырмыз. Жігіттер тыныш заманда снарядтардан өліп жатыр. Бұл қалыпты жағдай ма? Менің ойымша, бұл дұрыс емес", - деді Бүркіт трагедия туралы өз пікірін білдіріп.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Вечерняя программа «Студия 7» (@studiya_7tv)

Мейіржан Аймановтың бес баласы бар. Полковниктің жесірі қайтыс болған жұбайының арманын орындау үшін жаңа үй салуға ниетті. Ұлдары әкесінің ісін жалғастыратын ойы бар. Олардың екеуі өрт спортымен айналысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети