1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Аңшылар Африкада түсірілген жантүршігерлік видеодағы "қазақтарды" қолдады 18 сәуір 2021, 10:08

Қазақстанның аңшылық қоғамдастығы өкілдері Африкада жабайы жираф пен зебраны атып өлтірген әріптестерін қолдап видео түсірді. Кадрлар Instagram-дағы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

© instagram/ohotniki_kz © instagram/ohotniki_kz

Қазақстанның аңшылық қоғамдастығы өкілдері Африкада жабайы жираф пен зебраны атып өлтірген әріптестерін қолдап видео түсірді. Кадрлар Instagram-дағы ohotniki_kz парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәселен, "Табиғат" республикалық қауымдастығының вице-президенті Айтуар Туғанбеков бүкіл әлемде аңшылық жануарлардың сирек кездесетін түрлерін сақтауға мүмкіндік беретінін айтты.

"Адамдардың көбі аң аулау, жануарлар дүниесін пайдалану, жануарлар биологиясы деген не екенін түсінбей, түрні нәрсе жазады. Шын мәнінде, бұл адамдардың 90 пайызы табиғатқа жанашыр емес, олар бір нәрсе жазса болды. 

Бүкіл әлемде аң аулау жануарлардың сирек кездесетін түрлерін сақтауға мүмкіндік береді. Теріс пікір жазбас бұрын, зерттеп, әдебиетті оқып, содан кейін бірдеңе жазыңыз. Біздің қауымдастық азаматтарымыздың, аңшыларымыздың заңды құқықтары мен мүдделеріне қысымға жол бермейді және оны БАҚ-та да қорғайды", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОHOTNIKI.KZ | ОХОТА И РЫБАЛКА (@ohotniki_kz)

Сондай-ақ, жағдайға қатысты "Табиғат" қауымдастығының мүшесі Владимир Корытько мен бизнесмен Батыр Сейкенов пікір білдірді.

"Бұл заңды аңшылық болды. Африкада аң аулау ежелден бар, оған әлемнің түкпір-түкпірінен жыл сайын жүз мыңдаған адам келеді. Бұнда тұрған ештеңе жоқ. Адамдар осыған уақытын бөлді, ақша төледі. Бұл ақша жануарлардың популяциясын қалпына келтіруге жұмсалады", - дейді Корытько.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОHOTNIKI.KZ | ОХОТА И РЫБАЛКА (@ohotniki_kz)

"Мен қалада тұратын және одан тысқары жерге ешқашан шықпаған диванда отырып алып осындайды жазатын адамдардың ескішіл пікіріне қатты таңғаламын. Достар, бұл қарапайым аңшылық. Видеода репродуктивті жастан өткен еркек пен ұрғашы ұсталған. Тоқтап, ойланыңызшы, қолыңызда бургер ұстап тұрғанда немесе бешбармақ я стейк жегенде бұл сиыр немесе жылқы қандай да бір ауыртпалықсыз өлтірілген деп ойлайсыз ба? Өлтіруді көргіңіз келе ме? Онда ет комбинаты мен құс фабрикасына барыңыз, сол жақтан нағыз өлтіруді көресіз. Жазбаны еттің қайдан келетінін ойламайтындар қалдырады. Мультфильмдермен өскен адамдар", - деді Сейкенов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОHOTNIKI.KZ | ОХОТА И РЫБАЛКА (@ohotniki_kz)

Бұған дейін Желіде "Қазақтар Африкада аң аулауға шықты" деген видео тараған болатын. Кадрларда жирафты мылтықпен атқан сәт түсірілген. Сондай-ақ, онда бірнеше ер адам атып өлтірілген зебраны көлікке салып жатады. 

Желі қолданушылары аңшыларды "қатыгез" деп айыптады, ал Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева видеодағы адамдарды "мәдениеттің ең төменгі көрсеткіші" деп санайтынын айтты. 

"Мен қоғамдағы кез келген қатыгездіктің жазасын беріп, соттау керек деп санаймын. Әйтпесе, біз барлық техникалық жетістігімізге қарамастан қайтадан варварлық өмірге ораламыз", - деді Самал Ибраева. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!