19 шілде 2020 17:25

"Антибиотикті уыстап жейді". Павлодарлық дәрігер жағдайы ауыр науқастардың көбеюін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарлық дәрігер адамдар өзі емделемін деп ауруханаға ауыр жағдайда түсетінін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарлық дәрігер адамдар өзі емделемін деп ауруханаға ауыр жағдайда түсетінін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодардың №3 қалалық ауруханасының реанимация бөлімінің меңгерушісі Василий Павловтың айтуынша, антибиотиктерді қабылдай бергеннен науқастардың жағдайы одан ары нашарлайды. Бұл туралы ол Павлодар облысы әкімі Әбілқайыр Сқақовтың ауруханаға сапары кезінде айтты. Қазір қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда түскен 19 науқас бар.

"Қалада дәрі антибиотик қабылдайды. (...) Басқаларына сезімталдық басылғанда, біз күшті антибиотиктер қолдануға мәжбүрміз, бұл мелицина заңдылығы. Адамдар антибиотикті уыстап жейді, содан кейін бізге келеді", - деді Павлов.

Ол сондай-ақ қала ауруханаларында ұйықтататын дәрі-дәрмектердің аяқталып бара жатқанын айтты.

"Бұл не деген сөз, жасанды тыныс алдыру аппаратында жатқан науқас синхрондалуы керек. Ол синхрондалмаса, өкпенің баротравмасы пайда болады, бұл оның жағдайын қиындатады. Бізде қазір гипнотиктер аяқталғалы тұр. Бір аптадан кейін біз пациенттерге толыққанды ұйқы бере алмай қаламыз. Бұл өзгеше дәрі-дәрмек болса да қажет, қазір барлық ауруханада осындай жағдай. Пациент келіп түскен сәттен бастап және оңалтумен айналыса бастағанға дейін гиперкоагуляция жүреді, сондықтан антикоагулянттар қажет", - деп атап өтті Павлов.

Павлодар облысының әкімі тұрғындарды өзін-өзі емдемеуін сұрады, ол өңірде тиісті медициналық көмек көрсету үшін барлығы бар екенін атап өтті.

"Мен тұрғындар өз бетімен емделмеуді сұраймын. Сатурациясы төмен науқастар түседі, пневмонияның ауыр түрімен, тиісінше, олардың емделуі ұзақ, көп көңіл мен препараттар керек. Біздің дәрігерлер - нағыз кәсіпқой мамандар, бірақ оларға да оңай емес", - деді Сқақов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети