ПОДЕЛИТЬСЯ
17 шілде 2020 | 20:27
Антистресс құралдар. i-balaqai жобасында Мадина Билялова
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында кәсіби коуч, ментор Мадина Билялова отбасыдағы стресті төмендету құралдарымен бөлісті. Сондай-ақ сарапшы адамның өзін-өзі бағалауы мен өзіне деген сенімділік арасындағы байланысты түсіндіріп берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында кәсіби коуч, ментор Мадина Билялова отбасыдағы стресті төмендету құралдарымен бөлісті. Сондай-ақ сарапшы адамның өзін-өзі бағалауы мен өзіне деген сенімділік арасындағы байланысты түсіндіріп берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.
Өзін-өзі бағалау мен өзіне деген сенімділік
Мадина Билялованың сөзінше, адамның өзін-өзі бағалауы - оның әлеуметтегі сезімі, өзіне баға беру, мүмкіндігі мен шамасын анықтауы.
"Өкінішке қарай, біздің ата-аналарымыз өзін-өзі бағалау адамның тұлға болып қалыптасып, жоспар құруда, жетістікке жетуде басты құрал екенін білмеді", - дейді маман.
Сенімділік өзін дұрыс бағалаудан басталады, бірақ бұл ұғымдар бірдей мағынаға ие емес.
"Өзін-өзі бағалау, яғни ӨЗІН-өзіне баға беру. Егер біз өз баламызды, өзімізді бағалай білсек, олар кез келген нәрсені жеңе алады. Бұл ішкі тірек, адам жиналып, алға жылжи алатын кеңістік. Егер ата-ана бала үшін бәрін шешіп қойса, ол қалай шешім қабылдауы керек?", - деп түсіндірді коуч.
Ата-аналарға кеңес
Белгілі бір сәтте ата-аналар баласы өз шекарасын құрғысы келетінін байқай бастайды. Мадина Билялова мұндай жағдайда жанында өзінің қызығушылығы, қорқынышы мен күдігі бар тұлға жүргенін байқауы керегін айтады.
"Шекараны сақтай білу керек. Мысалы, баламен сөйлескіңіз келсе: "Мен сенімен әңгімелесейін деп едім. Сөйлесе аласың ба?" деп сұрау керек. Яғни, алдымен баламен бірлесіп әрекет жасау керек. Бір сәтте баламызды дұрыс танымайтынымызды түсінеміз. Бұл қалыпты жағдай", - дейді спикер.
Маманға кәсіптік бағдар бойынша көбіне жасөспірімдер жүгінеді, бірақ ол басты нәрсе емес. Оның жұмысының негізгі міндеті - тұлғаның жақсы дамыған тұсы мен дарынын анықтау.
"Адам өзінің мықты тұсын дамытқан кезде бақытты болады, мұны білу маңызды", - дейді сарапшы.
Оның айтуынша, адамдардың жаман тұсы болмайды, керісінше ерекше тұстарын аңғару керек.
"Егер бала шығармашыл екенін түсінсе оның дарынының дәрежесін түсінуге болады. Себебі шығармашылық адамдары бір шетінен барлық прогресті ойластырады. Бірақ ол адамдар бастаған ісін соңына дейін жеткізбейді. Олар жиі ұшып жүреді. Егер шығармашылық адам өзін қандай да бір істе көрсетпесе, ол адамда қорқыныш сезімі басталады. Себебі біз қолданбайтын креативтің салдарынан қорқыныш пен күдік басталады", - дейді маман.
Адам өзіне тән ерекшелігі арқылы өмірден өз орнын анықтай алады. Адам күші мен уақытын көп жұмсап, алайда жетістікке жете қоймайтын қызметтер бар.
"Ол "Қанша жұмыс істесем де нәтиже шықпайды" кездер. Көп жағдайда ересектер осы сценарийді таңдайды: күшін, уақытын, қуатын көп жұмсайды", - дейді Мадина Билялова.
Коуч өз тәжірибесінде әртүрлі баланы кездестірген. Көбіне шығармашылық балалар, маман бұны заманауи уақыттың ерекшелігімен байланыстырды.
"Интроверсиясы айқын балалар өте көп. Топты қажет етпейтін балалар толыққанды тұлға болып қалыптасады. Олар өзін кішкентай, адам аз жүретін ортада жайлы сезінеді. Қорқынышы басым бала көп. Ата-ананың қорқа беруі балаларға да беріледі. Ол мотивацияны, есте сақтау қабілетін, жинақталу қасиетін бәсеңдетеді", - дейді маман.
Антистресс құралдар
Сарапшы стреске қарсы құралдар бүгінде қолды жуу, антисептик, маска тағу секілді маңызды екенін айтады. Себебі біздің ішкі қорымыз ұқыпты қарауды талап етеді.
Коуч стресті сезінген ата-ана отбасынан оқшауланып, беті-қолын сумен шаюды ұсынды. Ол үшін денеге арналған қызық техника бар: өзіңізді ұстап көріп, денеңіз ақылы миыңызға бәрі бақылауда екенін көрсетіп, сигнал жіберіңіз.
Жалаңаяқ жүруге болады. Егер тауға шығуға мүмкіндік болмаса есік алдына шығып не үйде жалаңаяқ жүріңіз.
Егер бала стресс, уайым жағдайында жүргенін байқасаңыз оны құшағыңызға алыңыз. Бірақ алдынан емес, артынан, суперменге жамылғы жапқандай құшақтаңыз.
Сондай-ақ қолымызды баланың арқасына қойғанда алақаннан жылу бөлінеді де ол адамдарды тыныштандырады, өз-өзіне келуге көмектеседі.
Дем алу да жақсы көмектеседі. Мысалы, Seven-eleven тәжірибесі бар. Жетіге дейін санап дем алып, 11-де дем шығарасыз. Оны отырып, ешқайда асықпай істеу керек. Осылай 3-4 айналым істеуге болады.
Мадина Билялованың сөзінше, қазақтың шай ішуі, шай құйып, дастарқанға бірге өтіріп, бір нәрсені талқылап, тәттілер жеп, әңгіме айтуы - антистресс отбасылық терапия. Бұл кезде бастысы теледидарды өшіріп, телефонды қолданбау керек.
"Қарапайым заттар, бірақ пайдасы көп және нәтижесін аз уақытта көруге болады. Бүгінде бізді қалыпқа келтіретін құралдар керек, себебі ұзақ уақытқа созылатын стресс денсаулыққа да, психикаға да кері әсер етеді", - деп түсіндірді маман.
Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады.
Сондай-ақ подкастты SoundCloud, Яндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова, балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также