16 шілде 2021 17:58

"Антиваксерлердің кесірі" - Бекшин Алматыдағы COVID-19 жұқтыру өсімі туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин вакцинацияға қарсы насихат салдарынан қалада коронавирус жұқтыру дерегі көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин вакцинацияға қарсы насихат салдарынан қалада коронавирус жұқтыру дерегі көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында қаланың бас санитария дәрігері вакцинацияға қарсы шығатындар және вакциналар туралы жалған ақпарат тарататындар туралы айтты.

"Бүгінде денсаулық сақтау жүйесі жағдайды бақылауда ұстай алды. Бірақ түске дейін жұқпалы аурулар ауруханасында болдым. Бүгінде осы аурухананың реанимация бөлімшелерінде жатқан науқастардың шамамен 100 пайызы вакцина салдырмаған. Мен шақырған белсенділер де бізбен бірге жағдайды көрді. Бұл антиваксерлер жұмысының кесірі. Олар тәулік бойы арнайы киім киіп, маскасын шешпей жұмыс істейтін дәрігерлерді, науқастарды өз көздерімен көргендерін қалаймын", - деді Бекшин.

Оның айтуынша, қазір инфекция жұқтырудың негізгі ошағы - сауда кешендері (31 пайыз), сондай-ақ отбасындағы қарым-қатынас. Бекшин вакцина салдырмаған адамдар отбасына инфекция әкеліп, оларға жұқтыратынын атап өтті.

"Бүгінде төрт мыңнан аса оқушы 6,5 айда инфекция жұқтырды. Бірақ былтыр барлығы 281 болған. Бір жасқа дейінгі 1180 бала ауырып қалды. Бұл да антиваксерлер жұмысының салдары, өйткені ересек отбасы мүшелері вакцина алса, инфекцияны үйге әкелмеуі мүмкін еді", - деді Бекшин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети