1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Апелляциялық сот "Яндекс.Таксиді" бұғаттау туралы шешімнің күшін жойды 03 шілде 2021, 17:50

Апелляциялық сот Қазақстандағы "Яндекс.Таксиді" бұғаттау туралы шешімнің күшін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Апелляциялық сот Қазақстандағы "Яндекс.Таксиді" бұғаттау туралы шешімнің күшін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы прокуратурасы 100 мың такси жүргізушісінің жұмыссыз қалуына байланысты апелляцияға бергендерін хабарлады.

"Бүгін апелляциялық сатыдағы сот алқасы істі қайта қарап, прокурордың апелляциялық өтініші бойынша сот шешімін жойып, G-taxi ЖШС талаптарын негізсіз деп танып, жаңа шешім шығарды", - делінген прокуратура хабарламасында.

Бұған дейін Finance.kz Telegram-арнасында Қазақстанда сот "Яндекс.Такси" қызметіне тыйым салып, ел аумағында қосымшаны бұғаттау туралы шешім жасағаны туралы хабарланған.

"Яндекс.Такси" сервисінің "бұғатталуы": Алматы экономикалық соты мән-жайды айтты

Кейін "Яндекс.Такси" баспасөз қызметінің өкілі Ася Мелкумова бұғаттау туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram