Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Әр үйде кемшілік бар": шенеунік өрттен зардап шеккендерге арналған үйлер туралы 08 қараша 2022, 09:18

Қостанай облысындағы Әулиекөлде өрттен зардап шеккендер үйлер пайдалануға берілгенше жаңа баспаналарға орналастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: ng.kz Фото: ng.kz

Қостанай облысындағы Әулиекөлде өрттен зардап шеккендер үйлер пайдалануға берілгенше жаңа баспаналарға орналастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ng.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Президент Тоқаевтың Қостанай облысы Әулиекөл ауданында қыркүйекте болған өрттен зардап шеккендерге 91 тұрғын үй салу туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндаған Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов мәлімдеді. Тұрғын үй пайдалануға берілмеген. Оның үстіне кемшіліктер бар болып шыққан.

"Бүгінге дейін ақаулардың жойылуына байланысты пайдалануға беру актілеріне қол қойылған жоқ. Жұмыстардың орындалғаны туралы декларацияға қол қойылды, оны барлық жауапты қызметтер қабылдады. Атқарылған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындыға қол қойылды. Орындалған жұмыстардың сапасы туралы қорытындыға қол қойылды, ол техникалық қадағалаумен қамтамасыз етілді, қол қою сатысында пайдалануға беру актісі тұр", - деді Таңжарықов.

Кейін шенеунік кулуарда халықты пайдалануға берілмеген үйлерге қоныстандыру заңға қайшы емес екенін айтты.

Құрылыс басқармасының басшысы салынып жатқан үйлерде олқылықтардың барын, олар жойылатыны туралы да айтты.

"№1 үйде әрлеу жұмыстарынан кейін жарықшақ пайда болу фактісі бар, өйткені сылақ сапасыз орындалған. Бұл ескертулер жойылды. Әр үйде кемшілік бар. Топ құрылды, тұрғындар оған жедел жүгіне алады. Олар мердігерлердің күшімен жедел түрде жойылады", - деді Танжарықов.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші жуырда болған жанжалға, нөсер жаңбырдан кейін 12 үйдің маңындағы септиктер мен іргелес учаскелерді су басып кеткеніне де тоқталды. Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram
Шымкентте жер сілкінді