Украинадағы ірі колл-орталық арқылы 350-ге жуық қазақстандық есірткі қылмыстық тобына жұмысқа тартылған. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Украинадағы ірі колл-орталық арқылы 350-ге жуық қазақстандық есірткі қылмыстық тобына жұмысқа тартылған. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әрбір адам үшін ақша төленген
Әмірхановтың айтуынша, құқық қорғау органдары Украинада қазақстандықтарды есірткі қылмыстық тобына жұмысқа тартумен айналысқан колл-орталықтың жұмысын тоқтатқан.
Арнайы операция барысында 12 адам ұсталып, ірі көлемдегі ақша тәркіленген.
"Біздің мәліметіміз бойынша, осы колл-орталық арқылы шамамен Қазақстанның 350 азаматы тартылған. Әрбір тартылған адам үшін сыйақы төленіп отырған. Бұл ірі колл-орталық Украинадағы әріптестерімізбен бірлескен операция барысында жойылды", – деді ол ОКҚ брифингінде.
Адамдарды қалай тартқан?
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Қазақстан мен Украина полициясы Киевте адамдарды Қазақстандағы есірткі дүкендеріне жұмысқа тартқан колл-орталықтар желісін жойғанын хабарлаған болатын.
Тергеу мәліметінше, операторлар адамдарды іздеп тауып, кейін оларға есірткі тасымалдаушы немесе есірткіні қаптаушы болып жұмыс істеуді ұсынған.
Тінту кезінде құқық қорғау органдары 40 мың АҚШ долларын (19 миллион теңгеден аса), 10 мың еуроны (шамамен 5,5 миллион теңге), Range Rover автокөлігін, сондай-ақ ұялы телефондар, ноутбуктер және басқа да техникаларды тәркілеген.
Қазір тергеу жалғасып жатыр. Полиция қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларды анықтап, ақша қозғалысын тексеріп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!