21 желтоқсан 2017 16:54

"АрселорМиттал Теміртау" кеншілерінің ереуілі : Комиссия жұмысын аяқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі © Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кеншілер мен "АрселорМиттал Теміртау" өкілдері еңбек дауын реттей алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Кеншілер мен "АрселорМиттал Теміртау" өкілдері еңбек дауын реттей алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбек дауын шешуге бағытталған екі жақты комиссия өз жұмысын аяқтады. Кәсіподақ өкілдері, сегіз шахтаның Көмір департаментіндегілер, кәсіпорын әкімшілігі өкілдері осы мәселені талқылап, тараптар келісімге келді.

"Барлығымыз қиын жағдайға тап болдық. Бірақ, қуанышқа қарай, еңбек дауы құқықтық тәртіпте қаралып, келіссөздер жүргізілді. Бүгінде барлық шахта әдеттегі режиммен жұмыс істеп жатыр. Енді қабылданған шешімдерді еңбек ұжымдарына барынша осы қалпында түсіндіру керек", - деді комиссия төрағасы, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ, әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, комиссиядағылар шахтерлердің жалақысы жайлы мәселе бойынша да мәмілеге келді.

"Қазіргі уақытта барлық мәселе реттелді, екі жақты комиссия құзырында қаралды. Заң деңгейіндегі бірнеше мәселе бар. Ол сұрақтарды кәсіподақ өкілдері орталық мемлекеттік органдарға жолдайды. Дәл қазір мен жұмыстың құқықтық тәртіпте жүргізілгенін айта аламын", - деді Қарағанды облысы Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанатбек Балсариев.

Әкімдіктің мәліметінше, комиссияның жұмысы барысында бірнеше мәселе күн тәртібінен алып тасталды. Себебі ол мәселелер 2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енетін ұжымдық келіссөздерде қарастырылған.

Өз кезегінде Ленин шахтасындағы жұмысшылардың мүддесін қорғайтын Евгений Буслаев комиссия жұмысына қатысты пікірін білдірді.

"Біздің тапсырма - болған жағдайдан кейін дұрыс шешім қабылдау. Біз, жұмысшылар және кәсіподақтағылар құқықтық тәртіпте ҚР  заңнамасының аясында, келіссөздер жүргізе отырып ең қиын деген мәселелердің өзін шешіп үйренуіміз тиіс", - деді Евгений Буслаев.

Айта кетейік, кеше "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры кеншілердің ереуіліне қатысты пікір білдірген еді. Сондай-ақ, кейінірек ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек "АрселорМиттал Теміртау" кеншілерінің жыл соңына дейін металл өндіру бойынша жоба көлемін орындап шығуға міндетті екенін мәлімдеген болатын.

11 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" шахтерлері ауысымнан кейін жоғары қарай шықпай қойған болатын. Наразылық танытып жатқандардың туыстары әлеуметтік желілерде жариялап жатқан мәліметтер бойынша, шахтерлер жалақыны өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен.

Ал 15 желтоқсанда Қарағанды облысында ереуілдеген барлық кеншінің шахталардан шыққаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ, кейінірек ереуілдеген кеншілер мен "АрселлорМиттал Теміртау" басшылығының қандай келісімге келгені айтылған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети