04 шілде 2019 14:13

Арыс қаласын қалпына келтіруге 34 миллиард теңге жұмсалады - Қаржы министрі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Otyrar.KZ © Otyrar.KZ

Арыс қаласын қалпына келтіруге 34,5 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары - ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚР Парламент Сенатында айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Арыс қаласын қалпына келтіруге 34,5 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары - ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚР Парламент Сенатында айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алдын-ала есептеулер бойынша, биыл 1 шілдеде Арыс қаласын қалпына келтіру үшін 34,5 миллиард теңгеге жуық қаражат қажет, оның ішінде Арыс қаласының әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы беру үшін 4,5 миллиард теңге қарастырылған. 

Әлихан Смайыловтың айтуынша, осы мақсаттарда ҚР Үкіметінің қорынан 2 миллиард теңге, Түркістан облысының бюджетінен 1 миллиард теңге, гуманитарлық көмек ретінде 1,5 миллиард теңге бөлінген. 

"7 709 тұрғын үйді қалпына келтіру қажет, оның ішінде 49 үй бүтіндей қирап қалған. Тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін 19,2 миллиард теңге бөлінеді, оның ішінде қаражаттың 50 пайызын өңірлердің бюджеті есебінен қамтамасыз ету көзделген, 50 пайызы - ҚР Үкіметінің қорынан бағытталады", - деді Смайылов.

Арыс қаласындағы 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру үшін (54 білім беру нысаны, 8 денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт нысаны) 7 млрд теңге бағыттау жоспарланған, оның ішінде 6 млрд теңге "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ есебінен, ал 1 миллиард теңге - еліміздің бизнес қауымдастығы есебінен бағытталады. 

Әлихан Смайылов электр желілерін, жылумен қамтуды қалпына келтіру және инфрақұрылымды жөндеу үшін 2,2 миллиард теңге бөлінетінін айтты. 

"34 әкімшілік ғимаратты жөндеу үшін 1,7 миллиард теңге бағытталады. Бұл мақсаттарға қаржыны ҚР Үкіметінің қорынан бөлу көзделген", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети