24 маусым 2019 18:55

Арыста радиация жоқ - Қорғаныс министрі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев арнайы брифингте Арыста радиация жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев арнайы брифингте Арыста радиация жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Ешқандай радиациялық снарядтар болмады. Ешқандай радиация жоқ", - деді қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр.

Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді 

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмегенін хабарлаған болатын. Төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды. Ал қала әкімдігі тұрғындардың жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын хабарлаған. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети