19 қыркүйек 2020 17:55

АШМ басшылығы құс тұмауына байланысты СҚО-ға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: АШМ баспасөз қызметі Сурет: АШМ баспасөз қызметі

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың тапсырмасымен вице-министр Гульмира Исаева бастаған арнайы топ Солтүстік Қазақстан өңіріне келіп, облыста жоғары патогенді құс тұмауының таралуына жол бермеу мақсатында жасалып жатқан кешенді шаралардың барысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.


ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың тапсырмасымен вице-министр Гульмира Исаева бастаған арнайы топ Солтүстік Қазақстан өңіріне келіп, облыста жоғары патогенді құс тұмауының таралуына жол бермеу мақсатында жасалып жатқан кешенді шаралардың барысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда 2005 жылдан бері құс тұмауы болмаған. Сондықтан біз Солтүстік Қазақстан облысына өңірде індетке қарсы жұмысты дұрыс үйлестіруге және вакцинация шараларын ұйымдастыруға, сондай-ақ ауру ошақтары анықталған аумақтарды  және құстардың өлекселерін жоюға көмектесу үшін келдік. Тәуекелдерді бағалау және құс тұмауының одан әрі таралуын болдырмау үшін барлық іс-әрекеттердің дұрыстығына көз жеткізу өте маңызды болды.

Сондай-ақ, біздің міндетіміз - өлген құстың иелеріне өтемақы төлеу бойынша жұмысты жолға қою. Бізбен бірге Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың басшысы өз мамандарымен келді. Олар өтініштерді қабылдап, заңға сәйкес төлемдер жүргізеді", - деді арнайы топтың келу мақсаты туралы ҚР АШМ вице-министрі.

Сонымен қатар, ол комиссия өңірдегі құс фабрикаларының басшыларымен кәсіпорындар айналасында "биологиялық қауіпсіз әрі оқшауланған" аймақтар құру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізгенін хабарлады. Барлық қажетті талаптар орындалған жағдайда өңірдің құс фабрикалары өз өнімдерін еркін өткізу құқығын ала алады.

"Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай және арнайы топтың сапары туралы толық ақпаратты ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева дүйсенбіде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында жариялайды", - деп жазды ҚР АШМ баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан Facebook-тегі парақшасында.

Еске салайық, құс тұмауының ошағы алдымен Ресейдің Солтүстік Қазақстанмен шекаралас аумағынан табылған еді. Кейін СҚО-да құстардың жаппай қырылғаны белгілі болды. Ал 17 қыркүйекте Ауыл шаруашылығы министрлігі аурудың аймақта таралғанын мәлімдеді. Содан кейін аймақта құс тұмауына байланысты карантин енгізілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети