Астана әуежайындағы автотұрақтың бағасына қатысты түсінік берілді

14 Тамыз 2017, 15:43
0
Астана әуежайындағы автотұрақтың бағасына қатысты түсінік берілді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

"Астана LRT" ЖШС көлік басқармасы төрағасының орынбасары Рустам Халилев Астана әуежайындағы автотұрақтың бағасы неліктен қымбат екенін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рустам Халилевтің айтуынша, әуежай жолаушыларына көліктерін тұраққа қоюдың бірнеше нұсқасын ұсынады.

"Қысқа мерзімге тұраққа қою деген термин бар. Сіз келдіңіз, жолаушыны түсіріп, бірден қайтып кеттіңіз. Жабық автотұрақ та бар, ол ұзақ мерзімге беріледі, яғни 5 сағаттан аса уақыттан бастап. Тегін тұрақ та бар. Терминалдан сәл өтсеңіз. Жалпы, өзіңіз қайсы тұрақты қалайсыз, соны таңдай аласыз", - деді Рустам Халилев.

"Билетті алатын кезде тарифтік жоспарды көресіз. Сіз автотұраққа кіріп келе жатқанда көрсетілген барлық ережемен келісесіз. (...). Тарифтер жайлы айтатын болсақ, 30 минут тегін, алғашқы бірінші сағат - 300 теңге, келесі сағат үшін 1 500 теңге. Ашық автотұрақта барынша барлық жағдай жасалған. Тәулігіне - 2000 теңге. Яғни, бұл тарифті таңдауға барлының құқығы бар", - деді Рустам Халилев.

Сондай-ақ, ол автотұраққа тәулігіне бірнеше мың теңге төлеген тұрғындардың мәселесіне қатысты түсінік берді.

"Мақсатымыз тарифті 30 мың немесе 50 мың теңге қылу емес. Компания түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын", - деп айтып өтті "Астана LRT" ЖШС көлік басқармасы төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, Рустам Халилев алдағы уақытта енгізілу мүмкін жаңалықтар жайында айтып берді.

"Келесіде автотұраққа кіріп-шығу төлемдерін жасауға болатын мобильдік қосымша ойлап табу жоспарда бар. Бұл туралы бөлек айтатын боламыз", - деді Рустам Халилев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астана әуежайында автотұраққа бір тәулікке қойылған көлік үшін 57 мың теңгенің төленгені жайлы айтылған болатын. Паркоматқа қаражат төлеу сәті түсірілген видеоны Instagram желісіне белгілі әнші Қайрат Баекенов жариялады. Кадрларға қарағанда, мұндай қыруар қаражатты көлікті бір тәулік және он сағатқа қойылған көлік үшін төлеу қажет болған. 

Сондай-ақ, "Астана Арланс" клубының бұрынғы бас директоры, қазірде Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев Instagram желісінде Астана әкімі Әсет Исекешевке әуежайдағы автотұрақ құнының шектен тыс қымбат екенін айтып, шағымданған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай